Павлодар маңындағы құрғақ шөп пен саяжайдан өрт шықты

12.04.2025 18:00

Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды

Max Kukurudziak / Unsplash

Павлодар қаласы маңындағы құрғақ шөп пен саяжай үйлерінен өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді.

«Сондай-ақ өртті сөндіруге МҰТП күштері мен құралдары, «Павлодар-Су арнасы» жұмылдырылды, 102, 103, ТЖМ АМО қызметтері орнында тұр. Өрттің ауданы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру жұмысын қатты екпінді жел қиындатып жатыр.

Жағдайды бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен өрт болған жерді аэровизуалды тексеру жүргізілуде. Жедел штаб қанат жайған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірлерінде қияр мен қызанақ бағасы қымбат