Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалап келгендер ұсталды

29.04.2025 14:56

Кінәлілер күш қолданамын деп қорқытып, жастардан ақша, материалдық заттар беруді, сондай-ақ олардың атына коммерциялық және ақшалай несиелер беруді талап еткен

polisia.kz

Павлодар облысында екі адам колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін жүйелі түрде қорқытып, ақша алып отырған. Күдіктілерді полиция ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілерді ұстау бойынша операцияларды Павлодар мен Екібастұз қалаларында құқық қорғау органдары жүргізді.

«Кінәлілер күш қолданамын деп қорқытып, жастардан ақша, материалдық заттар беруді, сондай-ақ олардың атына коммерциялық және ақшалай несиелер беруді талап еткені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар қылмыстық әрекеттерінің жүйелік сипатын көрсететін оннан астам бопсалау дерегі бойынша жауапқа тартылған», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жол қауіпсіздігі: ата-аналар мен балалар нені білуі керек