Павлодар облысында суға секіріп кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

13.04.2025 16:47

Ол қайтып су бетіне шықпаған

Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Тереңкөл ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Куәгерлердің хабарлауынша, 12 сәуірге қараған түні демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ азамат балық аулап, ішімдік ішкен.

«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел түрде шықты: жеке құрамның 4 адамы, 1 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Іздеу шаралары жалғасуда. Акватория мен жағалау аймағына тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр: Атбасарда көлік 4 адамды қағып кетті