Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Павлодар-Семей тасжолында Аққұла ауылынан 12 шақырым жерде екі көлік соқтығысты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corolla Spacio жүргізушісі ауруханада көз жұмды.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, деп түсіндірді Полиция департаменті.
Оқи отырыңыз: Жолаушылары бар бес автобус жолда тұрып қалды