Павлодарда ауыл тұрғыны қарасора өсіретін ферма ұйымдастырған

polisia.kz
polisia.kz

Күдікті қарасора өсіргенін, одан алынған өнімді жеке мақсатта пайдаланбақ болғанын түсіндірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция 46 жасар ер азаматтың үйінен 3 килограмнан асатын каннабис тектес өсімдіктерді тәркілеген. Күдікті қарасораны жеке мақсатта пайдалану үшін өсіргенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Павлодар полицейлері өз үйінде қарасора өсіріп келген ауыл тұрғынын қолға түсірді.

"Жедел жұмыс барысында полиция қызметкерлері Аққулы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз үйінде жабайы қарасораны заңсыз өсіруді ұйымдастырған. Ер адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде бөлмеден қарасора бұталары табылды. Күдікті қарасора өсіргенін, одан алынған өнімді жеке мақсатта пайдаланбақ болғанын түсіндірді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, заңсыз айналымнан алынған каннабис тектес өсімдіктердің жалпы салмағы 3 килограмнан асты",- деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Зайсан ауданында қамыс өртеніп жатыр

Новости партнеров