Павлодарда телефон алаяқтарына көмектескен ерлі-зайыпты ұсталды

17.01.2025 16:49

Олар апта сайын құрылғылардағы SIM-карталарды ауыстырып отырған

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "телефон" алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады. Күдіктілердің міндетіне апта сайын құрылғылардағы SIM-карталарды ауыстырып отыру кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 SIM-картасы тәркіленген. Ұсталғандар қамауда отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталыпты. Олар арқылы 200 мың алаяқтық қоңырау шалынған.

"Жалдамалы пәтерде әрқайсында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының SIM-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген", - деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 10 млн теңгесін ұрлаған күдікті Беларусьтен экстрадицияланды