Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан
Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан.
– Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департамент.
Департамент оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын айтты.
Айта кетейік, 21 ақпанда түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам үйіне оралмаған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы мектеп-интернатта 170 бала ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр - Зәкиева