Петропавлда пәтерден шыққан өрттен мүгедек адам қаза тапты

Maxim Tajer / Unsplash
Maxim Tajer / Unsplash

Өрт кезінде 15 адам эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 ақпанда Петропавл қаласындағы Жұмысшылар поселкесінде өрт шығып, оқиға салдарынан 60 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі qaz-media.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Зоя Космодемьянская көшесіндегі үш қабатты үйдегі пәтерде болған. Өртке төтенше жағдайлар қызметінің 13 қызметкері мен төрт техника жұмылдырылды.

«15 адам эвакуацияланды, оның ішінде бір бала бар. Өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасы өрттің шығу себептерін анықтауда», - деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде полиция департаментінің баспасөз қызметі өрт кезінде 60 жастағы мүгедек ер адамның қаза тапқанын растады.

Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Павлодарда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Новости партнеров