45 жастағы азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен ер адам қала шетінде орналасқан жеке сектордан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
45 жастағы азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары шұғыл түрде жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 69 жастағы күдіктіні ұстапты.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 69 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі таңда қылмыстың мән-жайын және себептерін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берілетінін хабарлайды", - деді Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әділбек Жарасов.
Оқи отырыңыз: Қыс басталғалы елімізде жолда қалған 1,5 мыңнан астам адам құтқарылған