Пиязды қалай "жыламай" турауға болады

25.11.2024 21:55

Бұл туралы калифорниялық дәрігер Джо Уиттингтон айтып берді

Doğan Alpaslan DEMİR/unsplash.com/

Кез келген адам пияз турағанда көз жасына ерік береді. Жылағысы келгеннен емес, амал болмағандықтан солай болады. Десе де оны тоқтатуға да болады. Бұл туралы калифорниялық дәрігер Джо Уиттингтон айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Көзді ашытпауы үшін не істеу керек?

Доктор Уиттингтон пияздың жанына дымқыл қағаз сүлгіні қоюды ұсынады. Ол турау кезінде тітіркендіргіш қосылыстарды сіңіретін магнит сияқты әрекет етеді.

"Ылғалдылық күкірт қосылыстарын тартады, тітіркенудің алдын алуға көмектеседі, сондықтан турау кезінде көзді ашытпайды", - деп түсіндірді дәрігер.

Ол дымқыл майлықты немесе сүлгіні пиязға өте жақын ұстау маңызды екенін ескертті, әйтпесе бұл әдіс жарамайды.

Тағы қандай жолдары бар?

  • Егер сіз пиязды микротолқынды пешке бірнеше секундқа қойсаңыз, онда жылу әсерінен пияздың құрамындағы қоспалар араласып, тураған кезде ашыту реакциясы аз болады. 
  • Турайтын тақтайыңыздың жанында қосылған желдеткіш немесе сорғыш та жақсы көмектеседі. Жел ұшқыш молекулаларды алып кетеді.
  • Пиязды кесу кезінде көзілдірік киюге болады (немесе жүзу маскасы).

Оқи отырыңыз: Алматыда 2000-нан астам жеке тұрғын үйдің өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілді