Орталық пойыздардың қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізіп отырады
Елімізде «пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты цифрлық сервис қолданысқа енгізілді. Ол арқылы халық кестедегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тіпті пойыздардың қай стансада келе жатқанын осы картадан көруге болады.
Айта кетейік, аталған қызмет «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының ситуациялық орталығында әзірленген. Орталық пойыздардың қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізіп отырады.
"Қызмет барлық пайдаланушылар үшін bilet.railways.kz және tablo-railways.kz ресми сайттарында қолжетімді. Картада пойыз қызыл түспен белгіленген. Жолаушылар таңдаған стансадағы келу және жөнелту уақытын тексере алады. сондай-ақ қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылап, барлық аялдама стансаларының тізімін, күту уақытын және межелі бекетте болжамды келу уақытын қарай алады", – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің өкілі Сара Сахынбек.
Оқи отырыңыз: Алматы мен Қытайдың ірі қалалары арасындағы әуе бағыттары кеңейтілмек