Пойызбен соқтығысқан: Есіл-Арқалық өткелінде тракторшы қаза болды

27.04.2025 12:24

Қайғылы оқиға 27 сәуірде таңертең болған

Аlmaty.tv

Есіл-Арқалық өткелінде пойызбен соқтығысқан тракторшы қаза болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 сәуірде сағат 08:55–те Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде болған.

Оқиға салдарынан тракторшы ауыр жарақаттан көз жұмды.

— Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі өміріне қауіп төнген жарақат алды, — делінген хабарламада.

ҚТЖ автокөлік құралдары жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегіі дабыл сигналдарын қатаң сақтауға және ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Иран портындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 18-ге жетті