ТЖМ күштерімен өрт 220 ш.м. алаңда сөндірілді
Алматыдағы Әуезов пен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы өрттің себебі әлі де анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сағат 22:00 шамасында мұндағы әкімшілік нысанның шатыры қызыл жалынға оранған. Сол аумаққа бірден жеткен төтеншеліктер 3 қабатты нысанның маңындағы ғимараттарға жалынды жақындатпай, дереу оқшаулады. Кейін 220 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 20-ға жуық техника мен 50-ден аса маманның көмегімен толықтай сөндірілді. Ал зардап шеккендер жоқ.
"27 қаңтарда 22:01 уақытында Алматы ТЖД құралдары мен күштері жоғары дәрежедегі өрт орнына шықты. Өртке келген кезде Алмалы ауданы Әуезов 33, 35 мекенжайында орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанғаны байғалды. Өрт қазіргі таңда оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деді Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Айдар Сқабаев.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндірушілер өрттің таралу қаупін жойды-ТЖМ