Қазақстан-Британ техникалық университеті 12 қаңтарға қараған түні болған өрт туралы түсініктеме берді
Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының 4-қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turaninfo.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің іс-қимылымен өрт тез арада оқшауланып, жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.