Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.
Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады.
«Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды