Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден өткені белгілі болды
Президент Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева өмірден өтті