Желтоқсанның үшінші жексенбісі - Энергетик күні
Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, 1 азамат "Парасат" орденінің және 19 энергетик "Құрмет" орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.
Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрі Президентке Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады