Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы діни басқарманың ресми сайты жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.
Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
"Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген хабарламада.