Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді
Республикалық жолдарды 100% интернетпен қамту 2027 жылға қарай жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 2024 жылы дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау аяқталды. Олардың нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталды. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Оқи отырыңыз: Турксіб ауданындағы өрт сөндірілді