Республикалық  Нарынқол-Кеген күре жолы жөнделеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Биыл Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді.  Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2024 жылы бұл жолдың 15 шақырымы жасалынды, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем шыға жөндеу жұмыстарына кіріседі»,- дейі аудан басшысы Берік Фатықұлы. 

Өңірде 20 елді мекен мен 11 ауылдық округ бар. Бүгінгі таңда Қарасаз және Шалкөде ауылдарына су тарту жұмыстары қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспар жүзеге асса, Райымбек ауданында ауыз суға қатысты мәселе туындамайтын болады. Еске саламыз, былтыр , Тұзкөл, Тегістік, Көкбел ауылдарының ауыз су жүйелері қолданысқа өткен еді.
Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы Берік Дүйсенбаев халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту үшін, аймақта бағаны тұрақтандыруға қатысты біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 
Қуантарлығы, аграрлы өңірде ұн бағасы нарықтан 3-4 мың теңгеге арзан. Оның себебі, екі бірдей кәсіпорын ұнды арзан бағаға сатуымен байланысты. 

«Егін шаруашылығымен айналысатын «Райымбек НАН» ЖШС мен «Алтын Дән» ЖШС-і аудан тұрғындарына арзан бағада ұн сатуда. Бұл нарық бағасынан 3-4 мың теңгеге арзан және халыққа тиімді»,-дейді Берік Дүйсенбаев.

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 10,1%-ға, сиыр сүтін өндіру 4,5%-ға өсті. 

Оқи отырыңыз: «Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады

Новости партнеров