Әнші концерттік бағдарламаны республиканың әр өңірінде өткізуді жоспарлап отыр
Алматыда ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызының шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Саған халқым» атауымен ұйымдастырылған концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды. Қатарында аты аңызға айналған күйші Нұрғиса Тілендиев пен Төлеген Мұхамеджановтың әндері де бар. Кеште 90 пайыз жаңа туынды орындады
Еске салайық, Меруеш Башайқызының репертуарында 500-ден аса ән бар. Ол концерттік бағдарламаны республиканың әр өңірінде өткізуді жоспарлап отыр.
«Ұлттық ән дәстүрімізді күнделікті насихаттап, халыққа жанды дауыспен концерттер беру – негізгі мақсат. Халық әндерін бұзбай, болашаққа, жастарға жеткізу», – деді ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы.
«Концерттің ерекшелігін айта кетейін, бағдарламада 90 пайызы жаңа, еш жерде орындалмаған туындылар», – деді Тәттімбет атындағы Академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» атты тарихи-рухани кездесу өтті