Сақ болыңыз: жүргізушілер айыппұлды неше күнде төлей алады

Сала мамандары, жүргізушілерді ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде айыппұлды төлеу тәртібіне қатысты күмәнді кеңес жиілеген. Осылай деген сала мамандары, жүргізушілерді ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабы "Айыппұл 10 күн кешігіп келсе, оны төлемеуге болады" деген қағиданы жоққа шығарады. Себебі талапқа сай, оның мерзімі 2 ай өткеннен соң ғана ескіреді. Ал автоматты түрде жұмыс істейтін жүйелер әкімшілік құқық бұзушылықты тіркесе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым жіберілсе, сол кезден бастап қана іс қозғалады. Ал SMS хабарлама шешім шыққаннан кейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізімі» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде жіберіледі. Осыдан кейін азамат айыппұлды өтеуге міндеттеледі. Оның ұйғарым жеткен сәттен бастап 7 күннің ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге құқығы бар.

"Әкімшілік айыппұлдың мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған айлық есептік көрсеткішке сәйкес келеді. Айыппұлды төлеу туралы ұйғарым бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде көлік құралының иесіне белгіленген үлгідегі түбіртекпен жіберілетіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді ПД ӘПБ бастығының орынбасары Айдын Айымбетов.

Оқи отырыңыз: Алматы метрополитенінде уақытша қоршауларды орнату жайлы айтылды

Новости партнеров