Салмағы 7 келі: Қостанайда алып сәби дүниеге келді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі таңда анасы мен шақалақтың жағдайы жақсы екені айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын батыр дүниеге келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аlau.kz жазуынша, бұл туралы медициналық мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

«Рауан қостанайлық жастардың отбасындағы үшінші перзент. Үш жасар егіз әпкелері үйде інісін күтіп отыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы екені айтылды.

Батырдың анасы БАҚ өкілдеріне есімін атағысы келмесе де, перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзі мен ұлына деген қамқорлығы және ілтипаты үшін алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Миллиондаған қарызы бар: Алматыда 150-ге жуық көлік айыптұраққа қойылды

Новости партнеров