Орал әуежайында 500 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілді

Фото: unsplash.com (Eva Darron)
Фото: unsplash.com (Eva Darron)

Алдыңғы жылмен салыстырғанда, жолаушылар ағыны 23 пайызға өсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

М.Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайында өткен жылы 500 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл – соңғы 55 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, жолаушылар ағыны 23 пайызға өсті. Соның ішінде ішкі рейстер бойынша 480 мыңнан астам жолаушы саяхаттаған.

«Адамдар барлығы 10 бағыт бойынша ұшса, соның төртеуі – халықаралық. Ең сұранысқа ие бағыттар – Астана және Алматы қалалары. Халықаралық бағыттар арасында Анталия көш бастап тұр», - деп хабарлады ведомстводан.

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-дан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы арнайы техника паркі өрт сөндіру машинасымен, фронтальды тиегішпен, қарды тазартуға арналған екі арнайы Boschung әуеайлақ машинасымен, құрама жол машинасымен толықтырылды. Сондай-ақ жыл соңында жабық конструкциялы екі жаңа трап, сұйық реагентті шашатын тіркемелі үлестіргіш және механикаландыру құралдары сатып алынды.

Барлық қауіпсіздік талаптарына сай келетін жаңа бақылау-өткізу бекетінің құрылысы аяқталды. Аталмыш бекет осы жылдың қаңтар-ақпан айларында пайдалануға берілмек.

Оқи отырыңыз: Биыл Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылады

Новости партнеров