Сапасыз курс: талдықорғандық коуч сотта жеңілді

24.02.2025 14:27

Сот процесі барысында кәсіпкер коуч үш тұтынушыға 850 000 теңгеден толық көлемде, екі тұтынушыға 450 000 теңгеден бөліп төленді

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті баспасөз қызметі
Азаматтарды 6,5 миллион теңгеге алдаған талдықорғандық коуч сотта жеңілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Департамент жүргізген жұмыс нәтижесінде кәсіпкер коучтың салық кодексін елемей, ресми келісімшарт жасаспағаны, төлем кезінде фискалды чек бермегені белгілі болды. Коуч уәде етілген 1 айлық курстың 3-4 дәрісін өткізіп, оқу процессін тоқтатқан. Бұл ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңының 13 бабын өрескел бұзу болып саналды. Салдарынан азаматтар оқудан да, қаржыдан да қағылған. Оқушылар арасында тендерден тез ақша табуға үміттеніп, несие рәсімдегендер де бар.  Департамент тұтынушыларға кәсіпкер атына сотқа дейінгі талап жолдауда құқықтықтық көмек көрсетті. Оған кәсіпкер 10 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Алайла кәсіпкер жауап бермей, департамен жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеріс ашты. Сот процесі барысында кәсіпкер коуч үш тұтынушыға 850 000 теңгеден толық көлемде, екі тұтынушыға 450 000 теңгеден бөліп төленді. Алайда сот талаптарды толық көлемде қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, барлық қатысушының мүддесін қорғады”, –  деді Департамент басшысы Айдос Дәуешов. 

ҚР СИМ  тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 2024 жылы білім саласындағы қызметтерге қатысты 877 шағым түсті.  Негізінен тұтынушылар сапасыз курстар, оқытушылардың төмен біліктілігі, оқу курстарына ақша қайтарудан бас тарту мәселелеріне шағымданған.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді