Сапасыз жол: Түркістан облысында мемлекет қаржы бөлген жолдар салынбаған

Кемшіліктерге жол берген мердігерлер мен жауапты мекемелерге 7,3 млн теңге айыппұл салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында жол саласында 130-ға жуық заңсыздық анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тапсырыс беруші жобалық-сметалық құжатта көрсетілген сомадан артық қаржы сұратып, қосымша келісімшарт жасаған. Белгіленген қаржыдан 6,7 млрд теңге көп қаражат көрсеткен. Ал мемлекеттен 209 млн теңге бөлінген 17 жол мүлде салынбағаны анықталды.  «Ұлттық сапа орталығы» салынған жолдардан 642 сынама алған, оның 96-сы талапқа сай емес. Кемшіліктерге жол берген мердігерлер мен жауапты мекемелерге 7,3 млн теңге айыппұл салынды.

"Мұндай фактілерді бәсекелестік  үшін жекелеген жеткізушілердің мүддесін лоббирлеу нәтижесінде орын алады деп есептейміз. Барлық белгіленген фактілер материалдық әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді", – деді Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

Новости партнеров