Саран қаласында пышақ ұстаған адам дүкен сатушысына шабуыл жасады

23.01.2025 09:14

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бейнежазбаға түсініктеме берді

стоп кадр/ instagram.com/shock_news_kz

Қарағанды облысында Саран қаласында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде Саран қаласындағы дүкендердің бірінде қарақшының сатушыға пышақ сұққаны көрінетін видео тарады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынның денесі табылған. Бұл оқиға бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда ер адам өз пәтеріне 100-ге жуық адамды тіркеген