Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.
Былтыр 4 қазанда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы бүгін де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Таңертең сағат 10:00-де басталған процессте алдымен жәбірленуші тарап сұрақтарға жауап берді. Бірінші болып сөз алған марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова сол күні оқиға орнында шамамен 15 адам болды деп болжап, олардың үш көлікке қыстырыла отырып кеткенін мәлімдеді.
Жәбірленуші сондай-ақ қайғылы жайт болған күні көзге түскен екі қыздың әрекетін де түсіндіріп берді.
«Қыздар маған келіп, неге жедел жәрдем шақырмайсың» деді. Содан кейін «оларды жігіттер алып кетті» деген Қадырова сұрақ-жауаптан соң есінен танып, жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Сот отырысында жәбірленуші Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева оқиғанын қалай болғанын айтты.
Оның айтуынша, күйеуі хабарласқаннан кейін Нұрқанат Ғайыпбаев көлікке мініп, «Қамажай» дүкеніне аттанған. Оның артынан жәбірленуші енесімен бірге таксиге мініп, барған. Ол дүкеннің алдында 10-15 адамды көрген. Арасында қыздар да болған.
«Әжесі жүгіріп барып «балаларым қойыңдар» деп жатқанда Абзал қолынан жұлқып жіберді. Сосын мен Шерзатқа жүгіргенде Абзал мен Нұрбол қолымнан ұстап алды. «Балама тимеңдерші, анасымын» деп өтіндім. Абзал «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» деді, — деп еске алды жәбірленуші.
Шерзаттың анасының айтуынша, дүкен жақта тұрған қыздардан жедел жәрдем көлігін, полиция шақыруды өтінген. Бірақ олар шақырмаған.
Айта кетейік, Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева да оқиға орнында болған екі қыздың сол мезетте өзіне тас лақтырғанын айтқан. Ал жағдайға қатысты түсінік берген жәбірленуші тараптың қорғаушысы жоғарыда аталған азаматтардан да жауап алынатынын айтты.
«Қыздардан куә ретінде жауап алынады. Алдағы уақытта оған құқықтық баға беріледі деп ойлаймын. Қазір сот процессі жалғасып жатыр. Сот процессі барысында қылмыстық істің әр бетін зерделейтін болады. Нақты марқұмның қай жерінен қанша пышақ сұғылды. Оған әлі жеткен жоқпыз. Ол сұраққа мен қазір жауап бере алмаймын», – деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жандос Палманов.
Сондай-ақ ол Қаржаубай Нұрымовты сотталушылардың бірі бөтелкемен ұрғанын көрген.
« 7-8 адам Нұрқанат пен Шерзатқа жабылып жатты. Шерзат артқа шегініп, құлайды. Баламның аузынан бұрқ етіп қан аққанын көріп, оған жүгіріп барамын. Ол «мама мына жағымды қараңызшы» дейді. Сол кезде пышақ салғанын көрдім. Олар Нұрқанатты ұрып жатқанда Нұрқиястың қолында мылтық болды. Нұрқанатты ұрып болғаннан кейін баламның ауыр халде жатқанына қарамастан бізге қарай бет алды. Ал Нұрқияс Шерзаттың басынан ұрмақшы болғанда оң қолыммен тостып, ол қолыма тиеді. Шерзатты желке тұсынан 3-4 рет ұрады. Артымда Нұрқияс «тыныш тұр, сені де өлтірем» деп мылтықпен қорқытады. Сонда үйден адамдар шығып қалады да, бұлар қашып кетті», — деді Гүлбара Бейшембиева.
Айта кетейік, сұрақ-жауап кезінде айыпталушы Равиль Сакиевтің анасы Бишембиеваға көңіл айтып, кешірім де сұрады. Кейіннен сот отырысының алғашқы бөлігі аяқталып, үзіліс жарияланды.
Еске салайық, судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты
Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.
Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді