Шардарада 80 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді

25.02.2025 08:07

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Fredrik Öhlander/ unsplash.com/

Шардарада 80 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында жүргізілген рейд барысында су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан адамдар ұсталды.

Шардара ауданының екі тұрғынынан қайық, 1200 метр балық аулау торы және 80 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. 

"Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Шардара ауданының полициясы мен прокуратура қызметкерлері Шардара су қоймасы учаскелерінің бірінен заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Қазіргі уақытта балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Полицейлер азаматтарды, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады, — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Оқи отырыңыз: Бойжеткен бейтаныс ұсынған тәттіден дәм татып, уланып қалды