Шатырдан құлайтын мұздан қалай сақтану керек - ТЖМ ескертеді

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ТЖМ өкілдері күн жылынып, қарды еруіне байланысты шатырлардан құлайтын мұздан қалай сақтану керек екенін ескертеді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:

  • қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз;
  • мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
  • көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
  • қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз;
  • қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
  • құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.

«Назар аударыңыз! Егер жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқанда төбеден күмәнді шу естіген болсаңыз - тоқтамаңыз. Сол мезетте шатырдан қар немесе мұз құлап келе жатқан болуы мүмкін. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Еліміздің бірнеше өңірінде қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Новости партнеров