Мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз
ҚР ТЖМ өкілдері күн жылынып, қарды еруіне байланысты шатырлардан құлайтын мұздан қалай сақтану керек екенін ескертеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
«Назар аударыңыз! Егер жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқанда төбеден күмәнді шу естіген болсаңыз - тоқтамаңыз. Сол мезетте шатырдан қар немесе мұз құлап келе жатқан болуы мүмкін. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Еліміздің бірнеше өңірінде қар құрсауында қалғандар құтқарылды