Шерзаттың өлімі: сот отырысында айыпталушылар алқабилер сотынан бас тартты

10.04.2025 14:42

Келесі сот процесін 17 сәуірге қалдырды

Almaty.tv

Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Сағат 12:00-де Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында процесс ашық режимде өтті.

Қаза тапқан жасөспірімнің ісіне қатысты 9 адамға айып тағылған. Оның біреуі кәмелетке толмаған. Қылмыстық іс бойынша деректер бас-аяғы 60 томнан асады. Отырыста барлық айыпталушылар бірауыздан алқабилер сотынан бас тартты.

Судья Ержан Жанұзақ тараптардың өтініштерін тыңдап, келесі сот процесін 17 сәуірге қалдырды

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналында  көруге болады