Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың мәліметтер жария етілді

29.01.2025 15:03

Зардап шеккендер мен ұсталғандардан 117 рет жауап алынып, 90 диск қаралды

Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істің кейбір мәліметтері жария етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев тергеу әрекеттері аяқталғанын еске салып, қазір материалдармен танысу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл процесс нақты мерзіммен шектелмейді. Бұл іске қатысты бұған дейін ұсталған адамдардың саны да өзгермеген.

"Қылмыстық іс бойынша 39 сараптама тағайындалды. Зардап шеккендер мен ұсталғандардан 117 рет жауап алынып, 90 диск қаралды. Сондай-ақ 36 рет беттесу өтті. Бұл қыруар жұмыс және осы материалдардың бәрін талдауға уақыт керек", – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды