Шерзаттың өлімі: іс Алматы облысының прокуратурасына жіберілді

06.03.2025 14:22

Ал күдіктілердің санында өзгеріс жоқ

Almaty.tv

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша прокурорлар айыптау актісін дайындап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің сөзінше, жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеру үшін іс Алматы облысының прокуратурасына жіберілген. Содан кейін ғана сотқа жолдау туралы шешім қабылданады. Әзірге оның нақты уақыты белгісіз. Ал күдіктілердің санында өзгеріс жоқ.

Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды