Жаңа басталған сәуір айы еліміздің әр өңірінде болып жатқан оқиғаларға толы болды.
Almaty.tv тілшісі аптаның ең өзекті жаңалықтарына шолу жасады.
6 жасар бала нәжіс толы құдыққа құлап, көз жұмды
Шымкентте әу баста септик ретінде қазылған шұңқыр бір жылдан бері ашық жатқан. Оны қоршау былай тұрсын, ескерту белгісі де қойылмаған. Тұрғындар талай рет әкімдікке шағымданғанымен, бұл
мәселе шешілмеген.
Семейде әйел адам пойыз астына түсіп, мерт болды
Жантүршігерлік оқиға 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде, Жансая базары маңында болды. Тоқтап тұрған көліктің камерасындағы видеода, әйел адам қозғалмай тұрған жүк пойызының астынан өтпек болған. Алайда, санаулы секунд ішінде пойыз қозғалып, әйел адамды басып өтіп кетті
Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Алатау ауданында жүк көлігі сүйретіп келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Кісі қазасымен аяқталған жол апаты Емцов көшесі 12 үйдің маңында болған. КамАЗ маркалы жүк көлігі тросс жалғап, сүйреп келе жатқан автобус алдымен қоршауды қағып, артынан жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан азаматты соққан.
Теміртауда фельдшерді аяусыз соққыға жыққан әріптесі ұсталды
Теміртау қаласында әріптесін аяусыз соққыға жыққан күдікті қолға түсті. Азамат 30 жастағы фельдшерге кезекшілік кезінде шабуыл жасапты. Жас келіншекті көк таяқтың астына алған бұзақы мас күйде болған.
Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот отырысы өтті
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты негізгі сот отырысы өтті.
Жамбыл облысында ресейлік байкерге пышақ сұққан тұрғын қолға түсті
Жамбыл облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде мотоцикл жүргізушісі пышақталған. Кадрларда мотоцикл жүргізушісінің жанармай құю бағанасына қарай беттеп бара жатқанын, оның артынан бір ер адамның ілесіп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте ер адам қалтасынан пышаққа ұқсас затты шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше рет соққы жасаған.