Шетел түрмесінде жазасын өтеп жатқан Қазақстанның азаматтары елге қайтарыла ма

Бұл ақпар Мәжіліс кулуарында мәлім болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдің түрмелерінде мыңнан астам Қазақстанның азаматы жазасын өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі Ресейдің темір торына тоғытылған. Бұл ақпар да Мәжіліс кулуарында мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің елде 900 шетелдік абақтыда отыр. Сөз алған Ғалымжан Қойгелдиев ел азаматтары мен шетелдіктердің түрмеде отыру тәртібіне қатысты ешқандай айырмашылық жоқ  екенін айтты.

"Шетелдіктерді еліне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың көбі ұзақ мерзімге сотталғандар. Оларды асырауға айтарлықтай қаражат кетеді. Сотталғандарды тапсыру туралы келісім алдымен адамгершілік тұрғыдан және шетелде жазасын өтеп жатқан отандастарымызға көмектесуге бағытталған", – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.

Оқи отырыңыз: Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың мәліметтер жария етілді

Новости партнеров