ШҚО-да 9 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер әуежайда ұсталды

21.04.2025 15:17

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

ШҚО Полиция департаменті

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы азаматты әуежайда ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, ол алаяқтық жасап, 5 млн теңге пайда көрді деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ер адам жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, оны алдап, ақшасын қалтаға басқан. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып жүрді. Тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде әуежайдан ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Шымкентте блогер ұсталды