ШҚО-да орманда жоғалып кеткен үш адам табылды

20.04.2025 12:23

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ

Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында орманға кетіп, сол күйі жоғалып кеткен үш ер адамды іздеу сәтті аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ТЖМ қызметкерлері кеше атпен орманға кетіп, қайтып оралмаған үш ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ер адамдар орманнан табылды», - делінген хабарламада.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, олар байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарсыз жолға шығып кеткен. Іздеуге ТЖМ қызметкерлері мен жедел құтқару жасағының кинологиялық жасағы, ПД мен ЖАО жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Салмағы 7 келі: Қостанайда алып сәби дүниеге келді