ТЖМ құтқарушылары 9 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады
Алтай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ас үй аумағында жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанып кеткен.
ТЖМ құтқарушылары 9 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады.
Қауіпті аймақтан 6 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Оқи отырыңыз: Солтүстік Аралға 1 миллиард текше метр су келді