Денесін күйік шалған ер адам жансақтау бөліміне жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысында өрт шыққан үйден жас келіншектің денесі табылды. Қайғылы оқиға Глубокое ауданындағы Заречный ауылында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Ауылда жеке үйден өрт шыққан. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенше өрт үйдің едәуір бөлігін шарпыған.
— Өрт сөндірушілер келгенше оқиға куәгерлері ес-түссіз жатқан, денесін күйік шалған ер адамды үйден алып шыққан. Белгілі болғандай, жәбірленуші 1984 жылы туған, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Үйді тексеру кезінде әйел адамның мәйіті табылды. Марқұм 1995 жылы туған», - деп хабарлады ТЖД.
Оқиғаның алдын ала себебі - пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 19 жастағы жігітті аяусыз азаптап өлтіріп кеткен