Объектінің қызметкерлері нысаннан дер кезінде шығып кеткен
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорный ауылындағы май зауыты өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Объектінің қызметкерлері нысаннан дер кезінде шығып кеткен.
"Глубокое ауданында Предгорное ауылында май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару нориямы өртеніп, түтін 4 мен 6-қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді", - делінген хабарламада.
50 шаршы метр аумаққа тараған өрт сөндірілді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары құтқарылып қалды.
Оқи отырыңыз: Еліміздің батысында есірткі жеткізу арналары жойылды