Шымкент көшелеріне 66 млн теңгеге қоқыс жәшіктері орнатылды

23.01.2025 21:25

Жәшіктердің кейбірі мәрмәрдан, кейбірі ағаштан жасалған

Шымкенттік шенділер 66 млн теңгеге қоқыс жәшігін орнатқан. Және бұл қаражатқа тек 1 ауданға қажетті контейнерлер сатып алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Әкімдік өкілдері бюджет қаржысы мегаполис тазалығын жақсартуға жұмсалды дейді.

Айта кетейік, жәшіктердің кейбірі мәрмәрдан, кейбірі ағаштан жасалған.

"2024 жылы тұрғындардың жалпы сұранысына сәйкес және де орталық көшелердегі қоқыс жәшіктерінің тозығы жетуіне байланысты Абай ауданында 1 101 қоқыс жәшігі сатып алынып, орнатылды. Негізінен қоқыс жәшігі орталық көшелерге, әлеуметтік нысан орналасқан көшелерге, мектеп, балабақша, емхана орналасқан көшелердің бойына орналасты", - деді Абай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Мағжан Қалшабеков.

Оқи отырыңыз: Жұмысшы мамандықтары жылы: Қазақстанда қандай мамандық иелеріне сұраныс артады