Шымкент, Тянь-Шань, Қапшағай: елімізде жер-су атауын иеленген қанша тұрғын бар

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық берілген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде әйгілі жер-су аттарын баласына қоятын жайттар жиі кездеседі. Солардың ішіндегі ең танымал дегендері қандай екенін біле жүріңіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Айта кету керек, бұл жерде жер-су атауына қазақ халқының есім қоюдағы ерекше дәстүрі – «бек», «бай», «бол» қосымшалары жалғанған есімдер (Аралбай, Алтайбек деген сияқты) мен жер-су атауының бір бөлшегіне «бек», «бай», «бол» қосымшаларын жалғау арқылы жасалған аттар (Сырбай, Арқабек сияқты), идеология сарынымен кейін жер-суға телінген есімдер (Жамбыл, Абай, сияқты), жер-су атауын ғана білдіріп қоймайтын, басқа да мағынасы бар (Шалқар, Бекет, Торғай деген сияқты) омоним атаулар есепке алынған жоқ. Сондай-ақ жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық бермей, ел арасында ең көп тараған жалқы атауларға көңіл бөлдік.

Сонымен адамға ең көп аты берілген әйгілі топонимикалардың рейтингі мынандай:

  • Алтай – 4957 адам;
  • Жайық – 645 адам;
  • Есіл – 438 адам;
  • Арал – 275 адам;
  • Талас – 263 адам;
  • Ертіс – 164 адам;
  • Бурабай – 78 адам;
  • Алатау – 39 адам;
  • Маңғыстау – 38 адам;
  • Балқаш – 32 адам;
  • Семей – 27 адам;
  • Астана – 24 адам;
  • Алматы – 20 адам;
  • Атырау – 15 адам;
  • Каспий – 14 адам;
  • Тараз – 14 адам;
  • Зайсан – 13 адам;
  • Ақтау – 11 адам;
  • Түркістан – 10 адам;
  • Сырдария – 4 адам;
  • Қарқаралы – 4 адам;
  • Тянь-Шань – 4 адам;
  • Сарыарқа – 3 адам;
  • Шымкент – 3 адам;
  • Қазығұрт – 3 адам;
  • Ұлытау – 2 адам;
  • Қаратау – 2 адам;
  • Отпан – 2 адам;
  • Ақмешіт – 2 адам;
  • Жетісу – 1 адам;
  • Іле – 1 адам;
  • Қапшағай – 1 адам;
  • Өскемен – 1 адам;
  • Мекке – 58 адам.

Бұған дейін биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер туралы жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Күнә жуатын жаңбыр және Құранда айтылған жалғыз ай: Рамазан туралы қызықты деректер

Новости партнеров