Шымкентте 125 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Қалада 400-дей тәртіп сақшысы мен 121 автопатруль бақылау жұмысын атқаруда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте жол ережесін бұзу дерегі 40 пайызға жиілеп, небәрі төрт күннің ішінде 6 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде, тәртіпке бағынбаған 125 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылған. Сондай-ақ 36 мопед пен скутер арнайы тұраққа жабылды. Көп жағдайда тізгіндегі азаматтар шлем кимей, құжатсыз немесе нөмірсіз жүрген көрінеді. Жолаушы тасымалдайтын 39 автобус жатын орын ретінде өзгертіліп, заң бұзған. Сондықтан қазір қалада полицияның күшейтілген бақылауы жүріп жатыр. 400-дей тәртіп сақшысы мен 121 автопатруль осы жұмысқа тартылған.

«Жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, мас күйде көлік басқарған, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған, қарсы бағытқа шыққан, апатты жағдай туындатқан және заңсыз жолаушы тасымалдаған жүргізушілер жауапқа тартылды», – деді Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Тоқтарбек Әшірбаев. 

Оқи отырыңыз: Қаза тапқандар бар: Астанада екі жүк көлігі өртеніп кетті

 

 

Новости партнеров