Шымкентте 25 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті ұсталды

15.03.2025 15:53

Сондай-ақ 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

polisia.kz

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті. Күдіктінің көршілес елде басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде», - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды.

«Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді», - деді Руслан Назаров.

Оқи отырыңыз: Өскеменде өртенген үйдің орнынан ер адамның денесі табылды