Шымкентте арыстанның күшігін базарда сатпақ болғандар ұсталды

21.11.2024 11:50

Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

taylor gregory/unsplash.com/

Шымкенттегі базарда "тірі тауар" - арыстанның күшігін сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан. 

"Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді", - делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз: Алматыда кеден зертханасының басшысы сотталды