Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шымкентте полицейлер мектеп мұғалімінен ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогерді ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ер адам педагогтен беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты жария етпеу үшін 1,2 миллион теңге талап еткен. Алдын ала деректер бойынша, күдікті жәбірленушіге қысым көрсету үшін өзінің медиа мәртебесін пайдаланған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция кез келген бопсалау және қорқыту әрекеттері – әлеуметтік мәртебесіне не қолданатын платформасына қарамастан – қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
"Азаматтарды қандай да бір қорқыту әрекеттеріне көнбеуге және осындай жағдайлар болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз", – деді полиция өкілдері.
Оқи отырыңыз: Алматыда үш қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойылды