Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды

14.03.2025 11:39

Бейнебақылау камералары арқылы байқаған жедел басқару орталығының инспекторлары оларды ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады

стоп кадр

Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды. Мопедшілер көлік қозғалысына кедергі жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиырмаға жуық мопед тізгіндеген жас жігіт түнгі уақытта қала көшелерінде заң бұзушылықтарға жол берген.

Бейнебақылау камералары арқылы байқаған жедел басқару орталығының инспекторлары оларды ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады.

Жол қозғалысы қағидаларын бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал пайдалану талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айыптұраққа қойылды.

"Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алатынын еске салады", — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

 Оқи отырыңыз: «Алматы-біздің ортақ үйіміз»: мегаполисте көктемгі дератизация өтуде