Оның кінәсі сотта дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Шымкентте мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін көпбалалы ана сотталды. Ол балабақша есепшісі қызметін атқарып жүріп, коммуналдық төлемдерге артық ақша бөліп отырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бес баланың анасы өз шотына 15 млн теңгеден астам қаржыны аударып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Оның кінәсі сотта дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сотталушыға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Ертең елімізде уақытша радио және телевидение жұмысын тоқтатады