Ер адам иіссіз газға уланып көз жұмған
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 дастағы қарияның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 15 қарашада Спорт шағынауданында болған.
ТЖД дерегінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Оқиға орнында ер адамнан басқа тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылған.
"Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы болуына байланысты", – дейді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады